Все записи

Сұхбат барысында жақсы әсер қалдырудың 8 тәсілі

Сұхбатқа дайындалған кезіңізде ең алдымен сізге қойылуы мүмкін қияңқы сұрақтарға жауап дайындауға тырысасыз. Алайда, өзіңіздің керемет жауаптарыңызды көрсетуге мүмкіндік туғанша, алғашқы жақсы әсер қалдыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

1. Мұқият болыңыз

Армандаған жұмысыңызға тұрар алдында

«Егер сіз айтулы уақытта келсеңіз, сіз кеш қалдыңыз; егерде айтулы уақыттан ерте келсеңіз, сіз дұрыс уақытта келдіңіз» дегенді есте сақтаңыз.

Кешігіп келе жатырсыз ба?

Сұхбат алушының уақытын бағалайтыныңызды және шынымен осы жұмысқа тұрғыңыз келетінін көрсету үшін оған мүмкіндігіңізше ертерек қоңырау шалып, ескертіңіз.

2. Не киетініңізді алдын-ала ойластырып келіңіз

Сіздің сырт келбетіңіз жұмыс берушінің соңғы шешіміне әсер етпеуі мүмкін, алайда ол оның сізге қатысты бірінші әсеріне ықпал етеді. Егер сіз жақсылап ойластырылған киім үлгісінде келіп, өз портфолиоңызды көрсетсеңіз, адамдар cізді дереу профессионал ретінде қабылдай бастайды.

3. Тек ең керектіні алып келіңіз

Әрине, сергітетін кофе маңызды кездесу алдында сіз үшін қажетті зат болуы мүмкін, алайда өзіңізбен бірге артық қоқыс алып, болашақ жұмыс берушімен әңгімеңізді «Мына жерде қоқысты қайда тастауға болады?» деген сөзден бастағыңыз келмейтін шығар?

4. Хатшымен сыпайы болыңыз

Кейбір компаниялар жұмысқа тұрушының жүріс-тұрысы жайлы әдейі өз хатшыларынан сұрайды. Сізді жұмысқа алатын кезде бұл ақпарат шешуші болуы мүмкін, сондықтан өзіңізді жұмыс беруші алдында қалай ұстасаңыз, хатшысымен де солай ұстану маңызды.

5. Ұялы телефоныңызды қолданбаған жөн

Әдетте, күту сәті түскенде дереу смартфонымызды қолымызға аламыз: дүкендегі кезекте, көлік кептелісінде, жарнама кезінде. Сіз жұмыс берушінің қабылдау бөлмесінде өзіңізді шақыруын күтсеңіз, телефоныңызды шығаруға асықпаңыз. Одан гөрі өз резюмеңізге көз жүгіртіп, жұмыс берушіге не айтатыныңызды ойластырыңыз. Сонда жұмыс беруші сізді шақырған уақытта, аңдаусызда сіз Angry Birds ойынын жауып жатқан сәтте үстіңізден түспейді.

6. Ұқыпты болыңыз

Бірінші кезекте, жұмыс беруші сізден резюмеңіздің көшірмесін сұрайтынына сенімді болыңыз. Егер де, сіз сөмкеңізді актарып, ішінен артық қоқыстар мен жабдықтарды шығара бастасаңыз, сіз ұқыпсыз адам ретінде әсер қалдырасыз. Жақсы әсер қалдыру үшін, барлық заттарыңыз жинақы болып, қол астыңыздан тез табылуы қажет. Резюмеңіз, мінездеме хатыңыз, тіпті қаламыңыз қол жетімді жерде болу қажет.

7. Бірінші қадам жасаңыз

Жұмыс берушінің кабинетінде қонақ бола отырып, сіз ол өзін бірінші таныстырып өтетінін күтетін шығарсыз. Бастаманы өз қолыңызға алуға қорықпаңыз. Осылайша, сіз осы жерде болуыңызға қуанышты екеніңізді, сұхбаттасуға дайын болып, өзіңізге және өз күшіңізге сенімді екеніңізді көрсетесіз.

8. Ортақ тақырып табуға тырысыңыз

Танысқаннан кейін, сұхбат өткізіп отырған адаммен ортақ тақырып табу арқылы өзіңіз туралы әсерді күшейтіңіз. Бұл үлкен бір зат болмаса да, жалпы қызығушылықтарыңыздан әңгімені бастап, кейін болашақ жұмысыңызды талқылауға көшсеңіз болады.

Мүмкін, оның кабинетінде дипломдар мен мақтау қағаздары ілініп тұрған шығар («Сіз де Қазақ Ұлттық Университетінде оқыдыңыз ба?»), немесе кітап сөресінде түрлі марапаттар тұруы мүмкін («Мен де былтыр Алматы марафонына қатыстым. Сіз қандай қашықтыққа жүгірдіңіз?»).

Бұл кеңестер сіздің жұмысқа тұруыңызға кепіл бермеуі мүмкін, алайда олар сізді қойылған мақсатыңызға жақындата түседі. Сұхбатыңызды дұрыс бастап, ең қиын сұрақтарға жауап беріп, жақсы нәтиже көрсете аласыз.

Сұхбатыңыз сәтті өтсін!

https://www.themuse.com/ материалдары бойынша дайындалған

Табысты стартап жобасының құпиясы
Креативті болудың төрт құпиясы
Кайрат Келимбетов: «Единственное на что теперь можно рассчитывать – это на навыки и на свои мозги»
Айнаш Альпеисова: Как делать выбор в карьере и в жизни?
Асем Кенжебек: "Наступил час Х, выросло поколение, которое не верит и не доверяет руководителям с подмоченной репутацией"
Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения, дисциплине, анархии, об открытии еще одной школы и многом другом.